Аслан Сәрінжіпов өткен аптада өзі мен Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арасында туындаған пікірталасқа қатысты түсінік беру кезінде айтты.
- Ешкімді ренжіткім келмеді. Өз пікірімді ғана айттым. Мұны артта қалдырып, жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын, - деді А.Сәрінжіпов.
Пікірталас білім беру мәселелері бойынша заңнамалардағы түзетулерді қарастыру кезінде туындаған. Дау-дамайға ЖОО-ларды бағалаудың аттестациялық жүйесінен аккредитациялық жүйесіне өту мәселесі себеп болған.