А.Сәрсенбаевты өлтірді деп айыпталған Ержан Өтембаевқа қатысты үкім қайта қаралатын болды

10-қаңтарда белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деген айыппен сотталған Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарамақ.

Сот отырысы жұма күні Талдықорған қалалық сотында өтеді.

Оппозицияшыл саясаткер А.Сәрсенбаевтың, оның жүргізушісі мен күзетшісінің мәйіті 2006 жылы 13-ақпанда Алматы маңынан табылған болатын.

Бұл қылмысқа қатысы бар деген тоғыз адам әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылып, арнайы қызмет өкілі Рустам Ибрагимовты қылмысты жасаушы және ұйымдастырушы деп танып, өлім жазасына кескен-ді.

Бұрын сенат аппаратына жетекшілік еткен Е.Өтембаев А,Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс берді деп танылып, 20 жылға сотталды.


Ал, 2013 жыл соңында Р.Ибрагимов алдыңғы берген түсініктемелерін өзгертіп, саясаткердлі өлтіруге Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев тапсырыс берді деп мәлімдеді.