Жинақтың бірінші томында ардақты ағамыздың көркем туындылары, очерктері және ән-күйлері берілсе, екінші томда - қазақ халқының мәдениеті, өнері, фольклоры мен этнографиясына арналған еңбектер, үшінші томда - «Қазақтың күй өнері» монографиясы, төртінші томда - «Қазақтың ауызша тарихы. Шежірелік деректерді пайымдау» атты зерттеу еңбегі, бесінші томда - А.Сейдімбектің әр жылдары жазған мақалалары, ал алтыншы томда автордың аударма еңбектері топтастырылған. Осы жинақты жүйелеп, баспаға әзірлеу жұмысына кезінде Ақселеу ағамыздың өзі атсалысқан.