Әсел Айтпаеваның ici: полиция күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Грузияда қайтыс болған Қазақстан азаматшасы А. Айтпаеваның ата-анасының М. Мейрбековке қатысты шара қабылдау туралы арызының негізiнде ҚР ҚК 128-бабы бойынша (Адам саудасы) сотқа дейінгі тергеп-тексерудi бастады.

Ауыр қылмыс жасады деп күдiктелетiн М. Мейрбеков ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінiң Уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Тергеу әрекеттерi жүргізiлуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.