Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Әсем Нүсіпова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Әсем Нүсіпова 2016-2019 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2008-2016 жылдары "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.


2006-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі.

Бұған дейін ол премьер-министр Кеңсесінің шоғырландырылған талдау бөлімін басқарған, сонымен бірге премьер-министрдің кеңесшісі, қаржы министрінің кеңесшісі болған.