Әсет Исекешев Астанадағы қараусыз жануарларға арналған оқшаулағышта болды

Әкімнің оқшаулағышты аралауы барысында анықталғандай, «Астана ветсервис» мекемесінің мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы шешімімен Астана қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қағидаларына сәйкес, жануарларды 3 күн ұстап, көзін құртатыны анықталды. Ережеге сәйкес, жануарды үшінші тұлғаға беруге тыйым салынған. Жануарды өз қарауына алғысы келетін адам табылып жатса, оның иесі іздеу жұмыстары жүргізілмейді. Қолданыстағы ережеге сәйкес, қожайыны өз жануарын табады деген мүмкіндік өте төмен, өйткені қала тұрғыны дәл осы ұйымды ұзақ уақыт іздейді және тапқанның өзінде уақытша оқшаулағыштың аумағына өту үшін ұзақ процедурадан өтуге тура келеді. Жануардың иесіне аумаққа өтуге рұқсат берілмейтін жағдайлар да болып жатады. 

Үй-күйсіз жануарлардың саны туралы мәліметтер жоқ. Қазіргі уақытта олардың саны шамамен 7-10 мың. Сонымен бірге, қалада «Асенка», «Ковчег», «Дорога домой» сияқты оқшаулағыштар бар, оларды иелері мен еріктілер өз қаржысына ұстап отыр. 

Кәсіпорынның қызметімен танысып шыққан соң әкім еріктілермен және қауымдастықтармен бірге жануарларды аулау ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкестендіруді тапсырды. 


Сонымен бірге, жануарларға арналған мемлекеттік оқшаулағыш салу бойынша ұсыныс енгізуді және науқас, қаңғыбас жануарларды қабылдайтын жеке меншік орталықтар мен қабылдағыштар құруды субсидиялау мәселесін қарастыруды тапсырды. 

Сондай-ақ, қала басшысы жауапты тұлғаларға бір апта ішінде мемлекеттік қабылдағыш құру туралы тұжырымдаманы әзірлеп, құрылыстың орнын және оның басталатын мерзімін анықтауды тапсырды.