Әсет Исе­ке­шев инвестициялық ом­будсмен болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2015 жылғы 26 желтоқсан   №1071   Астана, Үкімет Үйі

  Инвестициялық омбудсменді  тағайындау туралы

2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1.   Әсет Өрентайұлы Исекешев инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.

2.   «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015., №3, 16-құжат).

3.   Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К. МӘСІМОВ