Бүгін Шэньян қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары бастаған делегация Ляонин провинциясының іскер өкілдерімен және жетекшілерімен кездеседі.
Сапар бағдарламасында - Бейжің қаласына бару жоспары бар. Онда негізгі кездесулер Қытай Үкіметінің жетекшілерімен өтпек. Сәрсенбі күні Ә.Исекешев ҚХР Мемкеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаолимен кездеседі.
Бұған қоса, қазақстандық делегация басшысының реформалар және даму бойынша мемлекеттік комитет жетекшісімен, Қытайдың коммерция министрімен, көлік министрімен, сондай-ақ елдің бірқатар ірі мұнай-газ және инвестициялық корпорациялардың басшыларымен кездесуі жоспарланған.