Бұл жайлы актер Нұржан Төлендиев әншінің бұл әрекетін үлкен қателік, сауатсыздық деп ренішпен айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы.
- Іш киімінің құнын айту үлкен қателік. Кімге керек сенің киіміңнің құны. Баяғыда жоқшылықта бір шалбарды үш бауыр кезетесіп кидік. Ешкімнен кем болмады. Үлкен қателік, сауатсыздық қой іш киімнің құнын айту, дейді актер 2019 жылы Жылқышыбайға берген сұхбатында.
Айта кетейік, әнші Аша Матай іш киімінің бағасын сұраған журналистке "іш киімнен ақшаны аямаймын", деп жауап берді. Әншінің іш киімі бренд екені айтқанына белгілі болды.