Бұл туралы stan.kz НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Шетелге шығып, бір емес екі бірдей бейнебаян таспалап келген Дана Кентай, саяхат дегенге әбден дәндеп алғандай. Шығармашылығымнан қолым қалт етсе, жолжүгімді асыға жинауға әзірмін дейді ол.
“Мен тағы да Таиландқа барғым келіп кетті. Өйткені маған қатты ұнады шыны керек. Адамдары, өте жылы, жарқын, сондай жақсы”, – дейді Дана Кентай.
Жұмыс бабымен сапарлата жүріп, демалысқа уақыт табатындар қатарында әнші Абай да бар. Сондықтан сері, туған жерінде жиі тынығуды жөн көреді.
“Мен жұмыс істеп, демалып жүре беретін адаммын. Негізі менің басым босаса болды, қолым босаса болдығ туған жерім Талдықорғанға тартып кететін әдетім бар”, – дейді әнші Ochooou.
Жұлдызды жұп Арман мен Аша да Қазақстандағы демалысты қолдайды. Бірақ, отбасынының отандық туризм өкілдеріне деген реніші басым.
“Әрине біз өз елімізде демалғымыз келеді. Бірақ бағасы өте қымбат. Ол бағаға Түркия еліне немесе Дубайға барған арзан”, – дейді Арман Қоңырбаев.
Ал, Ұшқын Жамалбек тынығуға аттанса, өз рақаты үшін қалтаға мүлде қарамайды екен. Оның басты ұраны – жанға жайлы жақсы жерді таба білу.
“Египетке барғым келеді, көргім келеді. Барғанда демалып, бір жағынан мен енді тыныш жүрмеймін ғой, бір жерге демалсам да әйтеуір студияға барып, не болып жатыр сол жақтан көріп келгім келеді, құр демалып барғанша”, – дейді Ұшқын Жамалбек.
Сондықтан, болашақта Ұшқын Жамалбек мысырлық әншімен дуэт жазып жатса, еш таңқалмаңыз!