Ашаршылық пен қуғын-сүргін құрбандары туралы көркем фильм көк тиынсыз түсірілді

Бұл туралы белгілі тележурналист Серік Әбікен өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz.  

"Бұл - қазақтың зарлы тарихын баяндасақ деген пейілдің жемісі. Демеушісіз, ешкімнен ақша сұрамай, энтузиазм біріктіргендердің жұмысы. Актерлар де, жұмыс тобы да көк тиын ақы алған жоқ. Бәріне мың алғыс! Монтаж бен дубляж біткенше біреуі қыңқ етпеді. Бір үйдің баласындай жұмыла жұмыс істеді. Енді, міне, 1932 жылғы ашаршылықтың 85, 37-жылғы репрессияның 80 жылдығына орай ел назарына ұсынбақпыз" дейді Серік Әбікен.

Айта кетейік, "Бір уыс бидай" атты бұл фильм бүгін кешке "Жетісу" телеарнасында көрсетіледі.