Ашғабадта Азиада қарсаңында ішімдікке тыйым салынды

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, биліктің ауызша бұйрығы бойынша алкогольді өнімдерді сатуға қазан айына дейін тыйым салsyған.

France Press агенттігі сауда министрлігінің қызметкеріне сілтеме жасап, спирттік ішімдіктерге 17-27 қыркүйек аралығында өтетін Азия ойындарына байланысты тыйым салыysп отырғанын хабарлайды.

Сауда министрлігінің қызметкері бұл шектеу қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында жасалынып отырғанын айтқан.


15 тамызда Түркіменстан үкіметі әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін мәлімдеген. Азия ойындары аяқталғанша, виза беру де шектелген.