Ашхабадта алтын жеңіп алған қыздарымыз жүлделерінен айырылып қалды

Бас жүлдеден айырылып қалуымызға жарыс кезінде Анастасия Виноградова тәртіп бұзуы себепші болған, ол сызықты басып кеткен. Осыған байланысты ұйымдастырушылар жерлестеріміздің жеңіп алған алтын медалін Таиланд құрамасына сыйлады.

Жалпы құрама сапында Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Элина Михина және Анастасия Виноградова жүгірді. Осылардың арасында 400 метрлік қашықтықта жүгіруден Михинаның ғана тәжірибесі бар. Қалған үшеуі негізінен 100 метрлік яғни спринтерлік бәсекеде өнер көрсетеді.

Қазақстан құрамасының уақыт көрсеткіші - 3:42.67 минут болған еді. Ал Таиланд қыздары мәреге  3:43.41 минутта жетті. Екінші орын  Қытай құрамасына (3:47, 35 м) бұйырды. Үштікті Түрікменстан құрамасы (3:50.39 м) жеңіп алды.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тайпэйде өткен Универсиада ойындарында да дәл осындай жағдай қайталанған болатын. Ол кезде 100 метрлік эстафетедан Рима Кашафутдинова үш рет өзге жүгіру жолағын басып кеткен болатын.