Ашхабадта көздің жауын алатын әуежай ашылды

Бұл туралы ВВС хабарлайды деп жазады Новости в Мире.

Әуежайдың құрылысына жауапты болған Polimeks түрік компаниясы, жаңа әуежай 1 сағаттың ішінде 2 мыңға жуық жолаушыны өткізуге қабілетті екен. Ұшу-қону жолағының ұзындығы 3,8 мың метрді құрайды.

Жолаушылар терминалының ғимараты қанатын жайған алып құстың бейнесі ретінде салынған. Осыған ұқсас логотипті Turkmenistan Airlines ұлттық әуе тасымалы қолданады.

Оған қоса, Гиннес рекордтар кітабының өкілі әуежайдың шатырында аумағы 705 шаршы метрді құрайтын әлемдегі ең үлкен ою-өрнекпен безендірілген кілемнің бейнеленгенін растады.

Айта кететіні, Түркіменстанның географиялық орны мен визалық режимнің қатаң тәртібіне байланысты мемлекетте туристік индустрия айтарлықтай дамымаған, деп хабарлайды  BBC.


Loading...