Ашхабадта ТМД және Балтық жағалауы елдері аумағындағы темір жол байланысына қатысты мәселелер талқылануда

Отырыстың күн тәртібіне ТМД және Балтық жағалауы елдерінің темір жол әкімшіліктерінің қызметіне байланысты 15 мәселе енгізілген. Атап айтқанда,

мемлекеттер арасында қатынайтын поездармен жолаушылар тасымалдау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жолаушылар мен жүк вагондары қозғалысының кестесіне қатысты нормативтерді талқылау жоспарланған. Сонымен қатар, кездесу барысында 2006-2007 жылдарға арналған мемлекетаралық жүк поездары мен контейнерлері бар вагондарды құру жоспары қаралмақ.
Бұған қоса ТМД елдері , Латвия, Литва және Эстонияның меншігіндегі жүк вагондары мен контейнерлерді бірлесіп пайдалану жөніндегі келісімнің орындалуы мен жүк вагондарын жаңарту және жөндеу жайы сөз болады.
Форумға Литва мен Эстониянын темір жол мекемелерінің өкілдері, Финдляндия мен халықаралық теміржолшылар мен жол салушылардың кәсіп одақ ұйымдары федерациясынан бақылаушылар шақырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті