Ақпарат көзінің мәліметтеріне сүйенсек, сенбі күні өткен отырысқа қатысушылар комиссияның 2007 жыл мен 2008 жылдың бірінші жартысына арналған жұмыс жоспарын бекітіп, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияның жобасын дайындауға байланысты, сонымен қатар Түрікменстан мен басқа да Каспийді қоршай орналасқан елдерінің арасында табиғи су қоймасының түбі мен тереңінің шегін айқындау мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізуге дайындық жұмыстарына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ Түркіменстанның Каспий теңізіндегі Ұлттық іс-әрекет жоспарын әзірлеу барысы талқыланды.
Отырыстың күн тәртібіне Каспийді экологиялық қорғаудың, оның бай биологиялық қорын сақтаудың тиімді жүйесін құру мәселесі де қосылған. Осыған байланысты Ашхабадта, бүгін, 6-тамызда ашылатын Каспий теңізінің су және биологиялық қоры жөніндегі Мемлекетаралық комиссиясының кезекті отырысын дайындауға қатысты мәселелер мұқият талқыланды.
Түрікменстанның Каспий мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссиясының құзырына Каспий аймағында жүзеге асырылатын барлық шаруашылық іс-қызметтерді үйлестіру, әлеуметтік-экономикалық жобаларды сараптамалық бағалау, табиғи ресурстарды игеру, кеме қатынасы, қоршаған ортаны қорғау және гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісім жобаларын әзірлеуге қатысу кіреді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті