Тарихшы Руслан Шынтас Facebook желісіне қазақ тарихына қатысты тың дерек жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.Осман империясының әйгілі билеушісі елге "Сүлеймен Сұлтан" сериалы арқылы да жақсы таныс. Сонымен Қырым ханы Османлы билеушісіне қазақтар туралы не жазды?
Арслан Корман Қырым тарихшысы
".....Қазақтар 16 ғасырдың басынан бастап Қара теңіз даласында ноғай, түрікмендермен бірге жүрді. 19 ғасырда Қырымда қалған қазақтар ноғайлықтардан түбегейлі бөлініп, Қырым татарларымен араласқан"
Мұхаммед-Гирейдің Османлы сұлтанының ұлы Сүлейменге жазған хатынан үзінді.
“...Ноғай тайпасы [нұғай -ووااي] мекендейтін аймақта қазақ [казаклар - قاق] деп аталатын көп тайпа [таиф -اافد] қоныстанды. Олар ол жерге қоныс аударушылар ретінде келіп, сол жерде тұрақтап қалған, енді олар бізге ашкөздікпен қарап жүр. Егер біз жорық жасасақ, олар біздің ежелгі дұшпанымыз Хан Хаджи-Тарханамен бірігіп, мемлекетімізді [мамлакати - مملتي] жойып жібереді. Биыл біздің барлық жауларымыз ер-тоқымда отыр. Сіздің бүкіл әлем мойынсұнуы керек ең жоғары бұйрығыңыз келгенде, адал қызметшіңіз мен де ер-тоқымға отырып, жорыққа аттануға дайындалдым. Істің жағдайы мен сипаттағандай. Айта кету керек, біз әлемнің баспанасы саналатын порттан бізге жеткізілетін фирманға бағынуға дайынбыз. Сізге түсетін бақыт пен сәттіліктің көлеңкесі мәңгілік болсын! Біздің Жаратқан Иемізден күтер үмітіміз де осындай!”
Хатыттың үзіндісінен Қырым ханы Гирейдің қазақтардан сескенетінін әрі Сүлеймен сұлтаннан қолдау іздегенін байқауға болады.
Суретте Қазақ мырзалары басқа көшпелі тайпалармен бірге Қара теңіз аймағында (қазіргі Украина Николаев облысының Первомайс таулары) патшайым Екатерина 2-мен кездескен сәті.
Басқа суреттерде: Көшпелі қазақтар мекен еткен Қырымның дала бөлігі"