АШМ Ресейден импортталған 19 тонна бананды ел аумағына кіргізбеді

2020 жылдың 24 ақпан 3 наурыз аралығында Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциялары Ресей Федерациясы мен Вьетнам мемлекетінен жоғары фитосанитарлық қауіп-қатері бар өсімдік өнімдерін заңсыз алып келудің жолын кесті.

Карантиндік бақылау барысында инспекторлар 76 тоннадан астам картоп, 55 тоннадан астам жеміс-жидек және көкөніс түрлерін, 19 тоннаға жуық банан, 2 мың гүл және 600 дана гүл көшеттерін, сондай-ақ Вьетнамнан 25 тоннаға жуық кешьюді жаңғағын фитосанитарлық сертификатсыз алып келгендігін анықтады. Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған, - делінген АШМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 400-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.