АШМ салалық комитетінің басшысы Қазақстан мен Қытай 2014 жылы трансшекаралық өзендердегі суды бөлу туралы келісімге қол қояды деп болжайды

Ол Қазақстан мен Қытай басшыларының былтырғы кездесуінде су сапасы туралы келісімге қол қойылғанын еске салды.

«Енді бізде су бөлісу жөнінде маңызды мәселе қалды. Екі ел басшылары тапсырма берді, енді екі елдің ғылыми-зерттеу институттары осы мәселені зерттеп жатыр. Сол зерттеу нәтижелері бойынша 2014-ші жылы Қытаймен су бөлісу мәселесі бойынша келісімге қол қойылады деп ойлаймын», - деді А. Орман, Ислам Ынтымақтастық Ұйымының су стратегиясын дайындау жөніндегі консультативтік топтың сәрсенбі күні өткен екінші отырысында.

Енді, оның айтуынша, Қорғас өзеніндегі жүргізіліп жатқан бірлескен гидроқұрылыс жұмыстарын «алғашқы қарылғаш» деп атауға болады. Ол екі жылдан соң аяқталуы тиіс. Екі ел мамандары су көлемін бақылап тұратын жүйе жасайды.

Ол сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасында 20-дан астам трансшекаралық өзендер ағып өтетінін еске салды.