Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы Kazinform-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Бірінші кезекте техниканы дайындау керек. Әкімдіктердің мәліметі бойынша, бүгінде техниканың 98%-ы дайын. Енді қалған 2%-ын ретке келтіру керек, 15 мамырға дейін диқандар дайын болады. Бұл әкімдіктердің мәліметі, сондықтан ешқандай проблема көріп отырған жоқпыз», - деді Айдарбек Сапаров.
Министр әкімдіктер мен шаруаларға алда қатты жаңбыр келе жатқанын ескерттік деп отыр.
«Қатты жаңбыр болады деген ақпарат айтылып жүр. Сондықтан әкімдіктер мен ауыл шаруашылығы құрылымдарына қажет болса, түнгі кезектерге де дайын болу керектігін ескерттік. Өте қысқа мерзімде үлгеру үшін солай істеу керек», - деді министр.