АШМ су ресурстары комитеті Сырдария өзенінде мұз көшкіні кеш болатынына орай Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының бірнеше аудандарында су тасқыны болады деп қауіптенуде

А. Рябцев: Бізде Шардара су қоймасынан Қызылордаға дейін өте ауыр жағдай қалыптасып отыр. Өйткені, былтыр мұз көшкіні 10 ақпанда басталған болатын, ал биыл ол 20 наурызда да басталмайтын түрі бар. Ал Қызылорда аумағындағы мұздың қалыңдығы бір метрден асады. Егер жоғары жақтан улкен су көлемі әсіресе Арыстан ақса, онда су тасқыны аймағынан елді мекендерді көшіруге тұра келеді. Мысалы, Кентау тауларында екі жылдық қар көлемі жиналды. Яғни бұның бәрі еріп, су болады деген сөз. Бүгінгі күні осындай қауіп қалыптасып отыр.

Бүгінгі жағдай ушығып тұр. Біз шептен аттадық. Өйткені осы күнге дейін мұз қатып ерімей жатқандықтан үлкен соққыға ұшырауымыз ықтимал. Бірақ бұл күн күрт жылынып кеткен жағдайда ғана болады.

"Қазақстан Бүгін": Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қолға алынып жатыр? Егер қауіп болса, онда мұздарды жару шаралары неге қолданылмайды?

А. Рябцев: Әрине, ТЖМ жұмыс жасап жатыр, бекеттер құрылып жағдай бақылауға алынған. Алла бұйырып, күн аз аздап жылынса, игі болар еді. Егер әдеттегідей, оңтүстікте ауа райы күрт ысып кететін болса, ондай Арыс жақтан 600-700 текше метр су келіп, үлкен соққыға ұшыраймыз. Онда су ешқайда кетпейді, өйткені мұз тез ерімейді. Ал қазір мұзды жарудан ешқандай нәтиже шықпайды. Оның ылғалдығы 70 % болғанда ғана жару керек. Сондықтан біз қазір Сырдарияда 700 текше метр суды ұстап, мұздың тез ылғалдандыруын көздеп отырмыз. Сонда мұз өзінен өзі бөлініп оны жаруға болады. Қазір ол бір қалыпты жағдайда тұрғандықтан астынан су ағынымен шайылып тұруы керек. Бұл мәселеде біз ТМЖ үнемі ақпарат алмасып, қарым қатынас жасап отырамыз. Бұған қатысты біз премьер-министрге есеп береміз.

"Қазақстан Бүгін": Ал Шардара су қоймасы бойынша жағдай қандай?

А. Рябцев: Бүгінгі күні, 19 ақпанда су қоймасына 4 млрд 400 млн текше метр су құйылып жатыр. Біз 15 ақпанда қырғызстан жағымен келіссөздер жүргіздік. Келісім бойынша олар 16 ақпаннан бастап Тоқтағұл су қоймасынан тастайтын су көлемін азайтады. Біз оларға белгілі бір көлемде көмір, газ, қара май жеткізіп отырмыз. Қазір Қырғызстан жағы Тоқтағұлдан ағызатын су көлемін азайту үшін, тұрғындарға жіберетін қуат көлемін кемітті.

Сонымен қатар, өзбек жағы өздерінің алқаптарына 200 текше метр суды бұрып алды. Сондықтан Шардара су қоймасы бойынша, біз барлық шараларды қолданатын боламыз.