Сенбі күні, аштық жариялаудың алтыншы күні Есіргеповтың жағдайы нашардады. Жедел жәрдем оны қалалық кардиологиялық орталыққа жатқызды», - деп журнал редакциясы мәлімдеді.
Дәрігерлер оның жүрегінің ишемиялық ауруы қозып, аритмия күшейгенін, қан қысымы 150/90 көтерілгенін, қандағы қант құрамы 2,8 бірлікке дейін түсіп кеткенін, аштық жариялағаннан бері 8 кг салмақ тастағанын анықтаған.
Алдында хабарланғандай, 19 қаңтар күні Г.Ерғалиева журналдың жабылуына орай аштық жариялаған. Ол журналды жабу туралы сот шешімін өзгертуді және айыппұл көлемін азайтуды сұрайды. Ал 26-қаңтарда аштық акциясына Р. Есегепов қосылған болатын.
Өткен жылы 24-желтоқсанда Медеу аудандық соты "Adam bol" журналын жабу туралы қалалық әкімшіліктің ішкі саясат басқармасының қуынымын қанағаттандырған болатын.
Сондай-ақ, фейсбук әлеуметтік желісіндегі Adam dar парақшасы "2015 жылы 2-ақпанда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы отырысының қарсаңында Adam bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиеваның талаптарын қолдау штабының мүшелері Алматы әкімі Ахметжан Есімовпен кездесуге ниеттенуде" - деп хабарлайды.