"Ашылуына бардық". Қайрат Нұртастың анасы талайды сан соқтырып кеткен туристік компанияға қатысты пікір білдірді

Қажылыққа апаратын компания қасиетті мекенге сапарды ұйымдастыру керек болатын. Алайда, адамдардың қаражатын жинап алып, уәдені үйіп-төккен туристік агенттік алаяқтықпен айналысатын болып шықты. Ал аталмыш турфирманың ашылу салтанатына қатысқан шоу-бизнес өкілдерінің ішінде хитмен Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова, тележүргізуші Аша Матай, көпшілікке танымал блогер Мерей Абилова да бар. Кіші келіні Жібекті ерткен Гүлзира Айдарбекова туристік агенттіктің Алматыдағы ашылу салтанатына қатысып қана қоймай, қызыл лентасын қиған болатын.

Танымал продюсер дауға іліккен турфирмаға қатысты пікір білдірді.


“Қатты араласпаймын. Бірақ ашылуына барық. Меккеге жібердік, жақсы барып-қайтты. Одан кейін де сіңлімді, жездемді сол компаниямен жіберемін деп ойлап жүргенмін. Ондай екенін білмеппін. Екі туып, бір қалғаным емес. Бұрыннан танысым емес", – деп жауап берді ол.