Ашық киінсе де, түнгі клубқа барса да иманын сақтап қалу керек: Қалаулым қатысушысы заманауи қыз дегенге түсініктеме берді

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Бағдарлама барысында 20-дан аса қатысушының пікірлері де, талғамдары да әртүрлі. Және әртүрлі тақырып үлкен дауға ұласаып отырады. 

Заманауи қыз немесе заманауи жігіт, азаматтық неке, тоқал алу деген тақырыптар жиі қозғалады. 

Бүгінгі бағдарламада Кенжебек есімді қатысушыға үміткер келді. Қатысушының айтуынша "заманауи қыз ашық киінсе де, түнгі клубқа барса да иманын сақтап қалу керек" дейді. Ол жігітке келген үміткер де қуана келісіп, дәл сол қыз менмін деп ағынан жарылды.