Бұл туралы бүгін батыс журналистерге америкалық жағалау күзетіның қызметкерлері хабарлады.
37 жастағы Луи Джордан 29 қаңтарда жоғалып кеткен болатын. Ол мінген яхта белгісіз себептермен сынып, жолда қалған.
Германияның Houston Express танкерін ер адам Солттүстік Каролина штатының жағалауынан 320 шақырым жерден тауып алған.
Кеме оны Америка аумағына, кейін кейін АҚШ жағалау күзетінің тікұшағы Л.Джорданды Вирджиния шаттындағы ауруханаға жеткізді.
Ер кісінің айтуынша, ол қолмен балық ұстап талғажау етіп, жаңбыр суын ішіп аман қалған.