Ashyq-тан тағы да ақау шықты

Ashyq қызметі тағы да ақауға жол берді деп хабарлайды Caravan.kz порталы Paryz.kz.-ке сілтеме жасап.

Құрметті Ashyq қызметінің пайдаланушылары, қазір қосымшада техникалық ақаулар орын алғаны байқалады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген Ashyq Telegram арнасында осы жобаға қатысушыларға арналған хабарламада.

Төрт минуттан кейін қосымшаны пайдаланушыларға жұмыс қалпына келтірілгені туралы хабарланды.


Қосымша жұмысы қалпына келтірілді! Кез келген ыңғайсыздық үшін кешірім сұраймыз! - делінген хабарламада.