Ұшу күндері - апта сайын әр сенбіде. Жолаушылар 290 орындық А330 жайлы ұшағымен қатынайтын болады.
1998 жылдың қаңтар айынан бастап әуе компаниясы Сеул-Алматы-Сеул рейстерін орындап келеді, қазіргі кезде ұшу жиілігі аптасына екі рет.
Сеул-Астана бағытындағы OZ579 рейсінің ұшуы - сағат 18:10-да, Астанаға келуі - жергілікті уақыт бойынша сағат 22:10-да. Астана-Сеул бағытындағы OZ580 рейсінің ұшуы - сағат 23:50-де, Сеулге қонуы - жергілікті уақыт бойынша сағат 09:30-да.
Жаңа рейстің ашылуы аясында Amadeus компаниясы мен Asiana Airlines әуе компаниясы Астанада бірлескен семинар өткізіп, онда өздерінің бағдарламалары мен өнімдерін таныстырды.