Әсіре діншілдер бізге қарсы шығып жатыр - Роза Әліқожа

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол қоғамның қызу талқысына түскен ер адамның тойдағы сөзін желіге өзі салғанын мойындады.

«Кешеден бері осы мәселеге байланысты пікірталас жүріп жатыр. Біз де діннен алыс емеспіз. Алладан қорқатын мұсылманбыз. Бауырларымның барлығы намаз оқиды. Бірақ әсіре діншілдер бізге қарсы шығып жатыр. Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Бұл жолды толық ұстанатындар да, ұстана алмайтындар да бар.

Кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін бір Алла біледі. Бізге Аллаға құлшылық етуді нәсіп етсін. Жүрегімізде Бәрімізде бір Алла бар. Бұл – қоғамның берген бағасы. Биліктің де өз заңы бар. Дінді құбыжық етіп көрсеткені үшін өз сөзінен тапты. Бұл да - Алланың қалауымен болған іс. Ол шалды соттатқан жоқпын, арыз жазған жоқпын. Халыққа тастап жібердім. Ол жерде мен қорландым. Асаба да, той иелері де мені қорғаған жоқ. Бала-шағамды тастап, қуанышына ортақтасайын деп сонша жерден барып тұрмын. Бұл-қоғамның соты», – деді әнші.

Айта кетейік, естеріңізде болса, өткен аптада тойда тост сөйлеп, әйел адамдарды "ұрғашыға" теңеген ер адамның видеосы тараған еді. Көпшілік арасында үлкен резонанс туғызған жағдайға қатысты, тіпті Президент әкімшілігі төрағасының орынбасары Ерлан Қарин пікір білдірген еді. Кейін ер адам аталған әрекеті үшін ұсталып, қамауға алынған болатын.