Әскерде бірге қызмет еткен жігіт өлген жігітке "минет жасап бергеніңе рақмет" деген жазумен 5000 теңге аударған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sn.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Адвокаттың адам шошырлық мәлімдемесінен кейін әлеуметтік желіде марқұм Бекбол Мираштың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарады. 

Осы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде Мираштың банк қосымшасынан алынған деген үзінді тарады: суретте көрініп тұрғандай, оның денесін тауып алған әскерде бірге қызмет еткен жігіт 2 тамыз күні өлген жігітке «минет жасап бергеніңе рақмет» деген жазумен 5000 теңге аударған.

«Тергеу осы деректі назарға алмай, істі «лауазымын асыра пайдаланған» деген баппен жалғастырмақшы. Бірақ Мираштың өлімін «сексуалды сипаттағы зорлық әрекеті» деген бапқа ауыстыру керек», - дейді адвокат.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірге бұл іске қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.