”Әскерде болғанда формаға оқушылар ақша жинаған”: Блогер Маңғыстаудағы сұмдық жағдай туралы айтты

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Марқұм болған Сағындықтың ұялы телефонынан түсінгенім, Ақжігіт ауылында 2009-2010 жылғы балаларға үйге келіңдер, тас жинайсыңдар деген. 3 жылдан бері оқушылар систематический ақша жинап отырған. Старшактар балаларға осыншама зәбір көрсеткенін неге анықтамайсыңдар? Мына старшактар армияда болғанда формаға да оқушылар ақша жинапты. 3 жыл бойы ақша жинағанын қараңдар! Нағыз әділ тергейтін болсаңдар, мына оқушылардың шоттарын тексеріңдер. Әділдік бар ма? Тек бір ғана баланы айыпты қылуға жол жоқ”, - деп жазды блогер.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт ауылында 11 сынып оқушысы жұмбақ жағдайда қаза тапқан еді.