Өзі секілді сарбазға шабуыл жасап, жазым еткен оның темір торда қанша жыл отыратынын енді сот шешеді. Серік Дәлетбай қазір уақытша тергеу абақтысында. Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласының тумасы ұлттық Қауіпсіздік комитетіне қарасты Алматы облысындағы шекара қызметі сапына биыл мамыр айында ғана алынған. Макаров тапаншасы мен екі оқшантайды қоса алып қашқан 21 жастағы сарбаз бір тәулік өтпей ұсталды. Қашқынды полицияға әкесі ұстап берген.