Әскерге дайындық пәнін алып тастауды ұсынған Есімовтың бастамасы қолдау тапқан жоқ

Александр Остапенко 37 жылдық тәжірибесі бар алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі. Қоймасында шамамен 50 балаға шақталған оқу құралдары бар. Тек барлығы да резенке, пластика және ағаштан жасалған макеттер. Тіпті минаға дейін.

-Деревянные автоматы, противопехотный, противотанковые картонные!

Ұстаз оқу үшін ғана болса да, қару-жарақтың бөлек тұру міндет дейді. Әрине, ең басты – бала қауіпсіздігі ескерілгендіктен. Оның үстіне жылына екі мәрте мектепте тексеру жүргізіліп отырады екен. Сондықтан шынайы қарудың тұруы мұндай қоймада мүмкін емес. Ал кешегі колледжде болған жарылысты маман әлдебіреудің қасақана ұйымдастырған әрекеті болуы мүмкін деп топшылайды.

Александр Остапенков, Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі:

- Оны біреу әдейі алып келген, мектеп қабырғасынан тыс. Не үшін әкелді енді тергеушілер соны анықтауы тиіс. Әйтпесе, есі дұрыс мұғалім ондайды балалар бар жерге әкелмейді ғой. Өзінің бірінші күдікке ілінетінін біле тұра.

Білім министрлігінің мәліметіне қарағанда, алғашқы әскери дайындық пәні мектеп бағдарламасына сәйкес 136 сағатпен оқытылады екен. 10 мен11-ші сынып аралығында. Бірақ соңғы жайттен кейін бұл пәннің жалпы оқытылу мақсатына күмән тудырып жатқандар бар. Солардың бірі Алматы әкімі – Ахметжан Есімов. Басшы оның мүлдем оқу бағдарламасынан алынуына да қарсы емес.

Ахметжан Есімов, Алматы қаласының әкімі:

-Әлемде бірде бір елде арнайы әскери оқу орны болмаса әскери дайындық пәні оқытылмайды. Автоматты да, басқасын да игеруді үйретпейді. Министрлік қандай шешім қабылдайтынын білмеймін, бірақ балалар қауіпсіздігі ескерілсе деймін. Сондықтан мен тексеру аяқталғанға дейін мектептерде бұл пәнді оқытпауға ұсыныс білдіремін.

Ұсыныс Астанаға да шұғыл жетті. Бірақ білім саласының бірде-бірі өкілі Есімовтің ұсынысын қолдаған жоқ.


Есенғазы Иманғалиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

- Марқұм болған баланың ата-анасына көңіл айтамыз. Екінші біздің министрлікте топ құрылып, жұмыс істеп жатыр. Өзіміз айтқандай нормалық құжаттар бар.  Тергеу істері болған соң қайтадан қолданысқа беріледі.

Алматы әкімінің бастамасы сондай-ақ депутаттар тарапынан да қолдау таппады.

Шавхат Өтемісов, Мәжіліс депутаты:

-Әрине, жалпы бұл пән керек. Совет кезінде де, біз мектеп оқығанда да бұл пән болды. Ал кешегі оқиға тиісті қауіпсіздік шарасын қолданбағаннан болған оқиға.

Камал Бұрханов, Мәжіліс депутаты:

-Әскери дайындық бізде әр мектепке керек. Мұғалімдердің 70-80 пайызы әйел болғаннан кейін еркектің тәрбиесі  керек.

Бір айта кетерлегі, пән бағдарламадан алынбағанымен, сол пәнге жетекілік ететін ұстаздың жұмысы бұдан былай қатаң бақылауға алуынуы мүмкін. Тіпті оларды арнайы сынақтан өткізу де жоспарланып отыр.