Qamshy.kz тілшісі соның түпкі себебіне үңіліп көрді.
Жұмбақ өлімдер
Думан Қанапиянов
2012 жылы әскерге шақырылған Думан Қанапиянов Отар гарнизонына келгеніне екі күн өткен соң асылып өлген. 30 212 әскери бөлімнің басшылығы солдаттың суицид жасағанын айтқан. Алайда марқұмның туыстары бұған сенбей отыр. 21 жасында қыршыннан қиылған Думан Қанапиянов әскери ант қабылдап та үлгермепті. Командирлердің айтуынша, Думан өз-өзіне қол жұмсаған. Сол түні подвалға түсіп, өз белдігіне асылып өлген. «Марқұмның денесіндегі көгерген іздер оны қасақана өлтіргенін дәлелдейді», - дейді қайғыдан қан жұтқан әке-шеше. «Намаз оқыған, исламның жолымен жүрген Думанның суицид жасауы мүмкін емес. Әскерге баруды қатты қалаған, өз еркімен кеткен», - дейді оның туыстары.
Дамир Аринов
Алексей Стогнеев
Олжас Байтасов
Атхам Бекболатов
Атбасар қаласындағы жауынгерлік бекеттен басына оқ тиген жігіттің өлі денесі табылды. Атхам Бекболатов қатаң тәртіпті колонияны күзетуге Атбасар қаласына жіберілген. Оның мәйіті қарауылтөбенің дәл үстінен табылған. Жанында Калашников автоматы жатқан. Туыстарының айтуынша, марқұм соңғы кездері өзін біртүрлі ұстаған.
Осындай жағдай Атырауда да қайталанған. 18 жастағы Әзімбек Абдуллаев Калашников автоматынан өзінің басына оқ атқан. Әскери бөлімшедегілер жігіттің психикалық жағдайы нашар болған дейді. Ал марқұмның отбасы Әзімбектің өліміне әскердегі заңға қайшы әрекеттер себеп болғанына сенімді.
2016 жылы 7 шілдеде Маңғыстау облысының тумасы Даниэль Сайфуллин Сарыөзектегі әскери бөлімде екі сарбаздың қолынан қаза тапты. Әскери ант қабылдағаннан кейін арада бір апта өткен соң Даниэльді екі жауынгер сабап тастаған. Бассүйек-ми зақымын алған сарбаздың өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.
«Арқанкерген» шекара бекетіндегі 14 сарбаздың өлімі
2012 жылы 30 мамырда Үшараладағы «Сары-Бөктер» заставасынан жіберілген наряд «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенгенін байқаған. Сол жерден қызметтегі 15 шекаршының 14-нің мәйіті табылған. 4 маусым күні он бесінші шекарашы Владислав Челах ұсталып, 14 адамды өлтіргенін мойындады. Қарағандылық сарбаз Владислав Челах 14 әріптесі мен бір қорықшыны өлтіргенін мойындаса да, қоғамда бұл қанды оқиғаның ресми нұсқасына онша сеніңкіремеді. Айыпты деп танылған шекарашы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Оның айтуынша, әскери кадрлардың деңгейі бұрынғыға қарағанда төмен. Әлімжеттікті жоюға болады деп айту қиын. Бірақ оны азайтуға болады. Бұл – бүкіл қорғаныс жүйесінің проблемасы.
Кім кінәлі?
- Кейде сарбаздың өзі кінәлі болуы мүмкін. Қасындағы адамдармен ұрысып-төбелеседі, содан кейін суицидке барады. Кейде кінәсіз офицерлерді соттап жатады. Бұл да дұрыс емес. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізе келе, өлімнің нақты себебін анықтауы керек. Мәселен, Саян Сатыбаевың ісінде «өлім себебі – суицид» деп нақты жазылып тұр. Оның суицидке барғаны әлеуметтік желідегі соңғы хабарламаларын тексергенде дәлелденген. Соның өзінде сарбаздың өліміне офицерлерді соттамақшы болып жатыр, - дейді Айман Омарова.
Заңгердің пікірінше, егер әскерде жарақат алып көз жұмған жағдай болса, сол жұмысты сарбаз орындауға міндетті ме еді, соны анықтау керек. Яғни бұл жерде cарбаз өліміне кім жауап беретінін нақты айту қиын.
Заңгер Қайрат Жүкел оқу-жаттығу кезінде қауіпсіздік ережелері сақталмағанынан немесе техникалық ақаулардың себебінен қаза тапқан сарбаз өліміне шенділер жауапты болатынын айтады. Ал егер зорлық-зомбылық, төбелестен, қасақана қысымнан көз жұмса, сол әскери бөлімнің басшылығы жауап береді.
- Бұл жерде әскери бөлімнің басшылығы қылмыстық жауапкершілікке емес, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескеру керек. Тікелей қылмыс жасауға қатысы болса, қатардағы жауынгерлер де жазаланады. Ауырып немесе тамақтан уланып өлген жағдайда аспаздар, дәрігерлер жауапты болады», - дейді Қайрат Жүкел.
Әскерге барған жігіттер шыңдалады, тәртіпке үйренеді дейді. Алайда қазіргі қоғамда орнаған қорқыныштың салдарынан кейбір ата-ана өз ұлының әлімжеттік пен зорлық-зомбылық құрбаны болғанын қаламайды. Сөйтіп, баласын әскерге жібермеудің барлық амалын жасайды. Жемқорлық жайлап тұрған мына заманда әскерге «не годен» болу да қиын шару емес. Әскерден бас сауғалай қашатын ер азаматтар ел басына күн туғанда Отаны мен отбасын емес, өздерін қорғай алар ма екен? Оны Қорғаныс министрлігінен сұрау керек шығар.