Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Информбюро"-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бейнеу ауданында отан алдындағы борышын өтеп жатқан бозбаланың туыстары бұл жағдайға әскердегі әлімжеттік себеп деп отыр. Жыларман болған жақындары баламыз қысым мен таяққа шыдай алмай бірнеше мәрте өз-өзіне қол салды дейді. Ал әскери бөлімнің қызметкерлері жағдайды тексерудің орнына жауынгерді психикалық орталыққа жатқызып, істі жасыруға тырысты деп ашынады.
ЛАУРА ШЫНТЕМІРОВА, сарбаздың анасы:
- Маған Бекзат командирі айтты звондап сіздің балаңыз жүрек пен почкадан ұсталып тұр. Соны докторға апара жатырмыз деп айтты маған. Почкасын тексертеді, жүрегін тексертеміз деп айтты деп өтірік алдап психбольницаға әкеліп жатқызып тастаған. Оны мен ата-анадан естімесем баламның психбольницада жатқанын да білмеймін.
Бейнеу ауданындағы 99116 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан жас жігіт анасына әскери бөлім қызметкерлерінің ұрып-соғатынын айтыпты. Лаура Шынтемірова әскерилер жас сарбаздарды қара жұмысқа жегіп, дәретханада азаптайды деп отыр.
ЛАУРА ШЫНТЕМІРОВА, сарбаздың анасы:
- Өз баламды танымай қалдым шыны керек. Бұндай қылып жібермеген едім. Суреттері де бар. Стройкаға салып тастаған менің баламды еще, ұмытып бара жатырмын оны айтамын деп. Біреудің үйінде стройкаға кірпіш құйғызып қойған бұл балаға еще. 99116 әскери бөлімінің полный составын тексерсін.
Ал Сұлтан Шынтеміровтың психикалық денсаулық орталығында жатқанына бір апта болғаны белгілі болды.
МӘДИ ТОҚАНОВ, Маңғыстау облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры:
- Өз-өздеріне жарақат білектеріне сырылған жарақаттар болған. Соған байланысты бізге как суицидиальные признаки деп сонымен алып келді бізге. Психолог, психотерапевт мамандары қарайды, жасап жатыр.
Әскерге барып, жындыханадан бір-ақ шыққан сарбаздардың ісіне қатысты тексеріс басталды. Оқиғаның мән-жайын арнайы комиссия анықтамақ.