Әскери борышын өтеуге шақырылғандардың 44 пайызының жоғары немесе арнаулы орта білімі бар - Д. Ахметов

"Және Қазақстан жастары өз борышын орындағылары келмейді деген сөздер нақты жағдайға негізделмеген бос әңгіме", - деді ол.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда 2 сәуірден бастап жедел әскери қызметке көктемгі шақыру басталған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, шақыру 18 бен 27 жас аралығындағы республика азаматтары арасында жүргізілуде.