Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ресми түрде хабарлады, - деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасарының бастауымен арнайы комиссия жіберілді.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.
Қарулы Күштердің басшылығы мен жеке құрамы курсанттың отбасы мен жақындарына орны толмас қазасына ортақтасып, қайғыра көңіл айтады.