Әскери прокуратура Қызылордада әскери қызметшілердің жаппай улануына орай қылмыстық іс қозғады

Іс республика Қылмыстық кодексінің 381 бабының 1 тармағында көзделген қылмыс бойынша (қызметке немқұрайды қарау) қозғалды, деп хабарлады сәрсенбіде бас әскери прокуратураның баспасөз қызметінен.

"Іс бойынша бірқатар сараптама мен зерттеулер тағайындалды", делінген ақпаратта.

Қызылорда санэпидқызметтің алдын-ала деректеріне қарағанда, инфекцияның негізгі көзі су каналы қалалық желілері бойынша әскери бөлімшелерге жеткізіліп отырған су болған болу керек.

Алдында хабарланғандай, 13-15 сәуір күндері ішек ауруы белгілерімен ауруханаға 5547 бөлімшесінің 52 әскери қызметшісі жатқызылған.