Әскери қызметші Семейде тұтқында отырған жігіттің қашуына жол бермеген

5-желтоқсан күні "Оңтүстік" аймақтық басқармакомандованиесінің 7552 әскери бөлімшесі қарауылының жеке құрамы теміржол вокзалында тұтқындағыларды алып жүрген болатын, деп хабарлады Семейде баспасөз мәслихатында республика ІІМ ішкі әскерлер бас қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов.

"Сотталғандардың бірі дәретханаға барған кезде, өтірік есінен танып еденге құлаған болған. Дәліздің тар кеңістігін пайдаланып, ол өзіне еңкейген Мүбараковты күрт тартып, оның табель қаруын бас салып, оған бірнеше рет оқ атқан", деді М.Сатов.

Қарауыл бастығының көмекшісі кіші сержант Жандос Баянбаев қылмыскерді құлатып үлгерген, бірақ ол оған да оқ атқан.

"Ішіне жарақат алса да, кіші сержант Баянбаев қылмыскерді бар денесімен басып, резерв топ келгенше босатпаған. Жандос Баянбаев қылмыскердің зұлымдық әрекетіне жол бермеген", деді М.Сатов.

Ж.Баянбаев қазір ауыр, бірақ тұрақты халде жатыр. Нұрасыл Мүбараковтың да жамбасына оқ тиген.


Ж.Баянбаев, Н.Мүбараков және қарауыл бастығы Нұрсултан Еркінов үкіметтік наградаларға ұсынылды. Оларға сондай-ақ бас қолбасшысының орынбасары ІІМ төс белгілерін табыс етті.

"Бас қолбасшы Баянбаевқа қызметін өтеп жатқан орын- Алматы қаласында пәтер беру туралы шешім қабылдады, денсаулықтары түзелген соң оларға Петропавлда ІІМ ішкі әскерлердің әскери институтында оқуға мүмкіндік берілмек", деді М.Сатов.