Әскери қызметшілер арасындағы футболдан әлем чемпионаты Әзербайжанда өтеді

ӘзерТАдж-дың хабарлауынша, бұндай шешім 7 наурыз күні ӘФФҚ қауымдастығының бас хатшысы Эльхан Мамедовтың қатысуымен Бакуде өткен жиында белгілі болған.

Аталған мәртебелі спорттық шараның Әзербайжанда өткізілуі де тегін емес. Өйткені ағымдағы жылдың қыркүйегінде осы елде әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге 16 құрама қатысады. Қазіргі уақытта 4 елдің, атап айтқанда Әзербайжан, Қытай Солтүстік Корея және Жапонияның байрақты бәсекеге қатысатындығы белгілі болып отыр. Ал қалған командалар 29 маусымға дейін анықталады.