Бұл туралы бүгін ҚР қорғаныс министрі Даниал Ахметов 500-1000 тоннаға дейін су ығыстырғыштығы бар кемелер бойынша шетелдік компаниялардың ұсыныстарының тұсаукесерінде хабарлады.
"Қорғаныс министрлігіне кеңес беретін компания қазан айында айқындалып, бізбен бірлесе отырып ол кеме жасау жөнінде бізге жасалып оытрған ұсыныстарды мқұият бағалайды деп сенеміз. "Зенит" зауытымен бірлесіп су ығыстырғыштығы 500 тонна болатын кемелерді жасайтын мердігер де осы қазан айында айқындалады деп ойлаймын. Ал 500 тоннадан жоғары кемелерді біз өзіміздің негізгі мердігерден сатып алатын боламыз. Қазақстан жағы еліміз үшін кеме жасайтын мердігердің жағалау инфрақұрылымына қатысты ауыртпалықты да өзіне жүктеп алуын талап ететін болады", - деді Д. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті