Асхат Аймағамбетов шетелдіктердің бала асырап алуы туралы айтты

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан аумағында бала асырап алу жөніндегі 10 шетелдік агенттік аккредиттелген. Алайда, 2020 жылы бұл агенттіктер арқылы бала асырап алу дерегі тіркелген жоқ», - деді Асхат Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, елдегі 228 аудандық және қалалық білім бөлімінде қорғаншылық және қамқоршылық міндетін небары 317 қызметкер атқарып отыр.

«Республикада 6 миллионнан астам бала бар екенін ескерсек, орта есеппен бір маманға 18 мыңнан астам бала келеді. Ал әлемдік практикада 2 мың балаға бір маман қарастырылған. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын тәжірибелі кадрлармен күшейту және штатты ұлғайту арқылы жаңарту қажет және өте маңызды деп санаймын», - деді Білім және ғылым министрі.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов 3 жылда 42 балалар үйі жабылғанын айтқан болатын.


Министрдің айтуынша, биыл арнайы педагогтер дайындау гранты екі есе көбейтілген.

Сондай-ақ, Үкімет отырысында 4 облыста 110 мектептің дәретханасы аулада тұрғаны айтылды.