Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Асхат Садырбай инстаграм парақшасында:
"Mrs. Universe 2020 ға қатысты...
Кешелі бері осы байқауға Қазақстаннан қатысқан Жұлдыз Абдукаримова бас жүлдені жеңіп алды деген ақпаратты оқып жатырмыз. Қуаныштымыз. Құтты болсын. Бірақ...Жаңалықтар жазатын шетелдік сайттарды ақтарсам бұл ақпарат тек қазақстандық сайттарда ғана жарияланған. Ресейліктер өз елдерінен қатысқан үміткер жеңді деп жазыпты. Түсініксіз. Қайбір жылы Францияда өтетін “Intervilles” - “Намыс дода” халықаралық тв додасына барған біздің елдің командасы бас жүлдені жеңіп алған ғой. Ресейде ол шоу “Большие гонки” деген атаумен “Первый канал”дан көрсетілетін. Сөйтіп финалда бәрі Қазақстанды құттықтап, шампан атып, кубокты тапсырып аяқтаған. Бәрі біткен соң ресейлік әріптестер кубокты сұрап алып Ресей жеңді қылып, өздеріне басқаша түсіріп алған. Бір ойын, бір кубок, әртүрлі нәтиже мен әртүрлі жеңімпаз))). Ал, енді мынау ханшайымдар сайысында да сондай бірдеңе болмаған шығар?" - деп
жазба жариялады.