Анти плагиат жүйесі күні бүгін іске қосылып дабыл қақты. Сөйтсек, әншінің әні ұрланған болып шықты, деп хабарлайды Gakku.kz.
Мұны орындап жатқан Грек әншісі Thanos Petrelis. Осының мән-жайын сұрастыру үшін туған қаласы Ақтөбеде демалып жатқан Асхат мырзаға телефон арқылы хабарластық. Алайда, әнші әнінің плагиат екенін білмепті.
Телефон арқылы сөйлесу, Асхат: "Маған білмеймін, «оранжировкасымен» дайын тұрған соң «аласың ба?», -деді. Ән ұнағасын алдым".
Асхат мырза бейнебаянды арнамызға әкелерде әннің ұрланбаған алға тартып, оның авторы ретінде Есен Жүсіпов есімді композиторды көрсетті. Алайда, әншінің орындауынан байқағанымыздай Thanos Petrelis-тің ән айту мәнерін дейін айнытпай орындаған.