Алайда, әншінің айтуынша, асаба тағы да айтқанын орындамай, антракт басталғаннан кейін де Асхатты ортаға шақырмаған. Сахнаға шығуға дайындалып, аппараттың қасында тұрған Асхат ашуға бой алдырып, асабаның иығынан итеріп жібергенін жасырмады.
«Бір кезде антракт болды, біреулер тос сөйледі. «Барлықтарыңыз ортаға биге шығыңыздар» – деді, мені тағы хабарламады. Бір кезде ашуланып кеттім. Сосын: «Мен саған айттым ғой қазақшалап, неге жібермейсің? Бір тос, екі тос күттім. Үшіншісінде «антрактіні сен бастайсың» дедің, неге хабарламайсың» десем, маған дөрекі сөз айтты. «Бауырым сенікі дұрыс емес» деп ашулана иығынан түртіп едім, жағымнан салып жіберді. Халықтың көзінше солай жасағаннан кейін, мен де қарап тұра алмадым», – деп ақталды Тарғын.
Алайда асаба Айбек Қоңырбаевтың нұсқасы бұдан өзгерек. Асаба Асхат Тарғынды жұлдыз болып кеткен деп есептейді. Айтуынша, ол тек той иесінің тапсырмасы бойынша әншіден біраз уақыт күтуді сұраған.
Айбек Қоңырбаев. “Ел аузында” бағдарламасынан скриншот
«Тілек беріп тұрсам, құлағыма келіп «қашан шығамын, қашан шығамын» деп ызыңдай берді. Той болған соң, той иесінің тапсырмасы болады арнайы. Мен шамалы тұра тұр дедім. Бар айтқаным осы. Баласынып тұр ма, білмеймін ғой не істегенін кеудемнен итеріп. Тіпті, өзі бастап ұрып, балағаттап жатыр. Жұлдыз болса өзіне жұлдыз. Ондайды басқа біреуге көрсетсін, үйінде көрсетсін», – дейді ашынған Айбек Қоңырбаев.
Ал Асхаттың сахналас-әріптесі Абай Бегей әншінің біреумен жаға жыртысқанын көрген емеспін дейді. Роза Әлқожа видеоны өз көзімен көрсе де, оқиғаның растығына сенбей отыр. Ал Ақжол Мейірбеков сапасыз бейнебаян түсіріп, халықты алдап келе жатқан Асхат Тарғынның бұл қылығын құптамады. Кімнің ақ, кімнің қара екенін ажырату біздің емес, халықтың міндеті!