Асламбек Мерғалиев Жоғарғы сот төрағасы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.
Асламбек Мерғалиев 2022 жылдың желтоқсанынан бері Жоғары сот төрағасы қызметін атқарып келеді.
Сонымен қатар бұған дейін Берік Асылов Қазақстанның бас прокуроры болып қайта тағайындалды.
Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін екі ай ішінде алты лауазымды тұлға тағайындалуы тиіс екенін мәлімдеді.
Жаңа Конституцияның 95-бабына сәйкес, ол күшіне енген күннен бастап (яғни 2026 жылғы 1 шілдеден бастап) екі ай ішінде тағайындалуы тиіс: