Аслан Мусин отставкаға жіберілді


Дәлірек айтқанда, Елбасы Есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусинді қызметінен босатты. Саясаттағы ықпалды шенеунік бұл орынтақта 1 жарым жыл ғана отырды. Аслан Мусиннің қандай себептермен жұмыстан алынғаны  белгісіз. Оның үстіне қандай лауазымға жайғасатыны да беймәлім. Ал Есеп комитетінің төрағасы болып Қозы-Көрпеш Жаңбыршин тағайындалды. Көпшілікке белгісіздеу ол бұған дейін Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болған.