Аслан Мусин қызметінен кетті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz тілшіс хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген Ақорданың хабарламасында.

Аслан Мусин әр жылдары Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР президент әкімшілігі жетекшісі, Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері қызметтерін атқарған.