Аслан Мусинге Хорватиядан жаңа қызмет табылды


Осылайша, 3 ай жұмыссыз отырған Мусинге жаңа қызмет табылып, Балқан түбегіне аттанып кетті. Сол жақта дипломатиялық қызметтің қыр-сырына терең қанығатын болады. Айта кетсек, Мусин еліміздегі ең ықпалды шенеуніктердің  бірі. Ұзақ жылдар бойы мұнайлы өңір Ақтөбе мен Атырау облыстарын басқарды. Осыдан кейін саяси мансабы көз ілеспес жылдамдықпен өсті. Мәжіліс төрағасы, Экономика министрі, Кәрім Мәсімовтың кезінде Үкіметте вице-премьер болды. Тіпті президент әкімшілігіне жетекшілік етті. Енді 60 жастағы жаңа елші Хорватия мен Қазақстанның қарым-қатынасына тың серпін беруі тиіс.