"Аспанда жарқыра, біздің жұлдыз": Марқұм Салтанат Нүкенованың туған інісі бойжеткен жайлы жан сырымен бөлісті

Ол осындай қиын кезеңде демеу болған барша қазақстандықтарға алғыс айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Бұл ойын Нүкеваның інісі желідегі парақшасында жазған. 

"Біздің жұлдыз, аспанда шуағыңды шашып жарқыра. Сен күн сайын осы әлемге тек жақсылығыңды, тазалық пен махаббатыңды сыйладың. Мен сенің бұл әлемді жақсы жаққа өзгертетініңді білгенмін, бірақ мұндай жолмен өзгертетініңді кім білген.  

Бүкіл Қазақстан бұл күндері бізге отбасымыз болып кетті, біздің қайғымызға ортақ болды. Салтушаны жақсы көретін барлықтарыңызға көп рахмет және әділдік пен өзгеріс үшін, күрес жүргізіп жатқандар үшін де мың алғыс. Біз барлық қолдауларыңызды көрдік, сіздерге көп рахмет", - деп жазды ол. 


Қазақстандықтар марқұмның туыстарына қолдау көрсетіп, көңіл айтуларын әлі де жалғастыруда. 

"Иманы саламат болсын, осындай өрімдей қыз, сұлу, сымбатты! Қалай ғана өмірі қыршынынан қиылды екен", "Жатқан жерің жарық болсын сұлу қыз, сен бүкіл елдің қабырғасын қайыстырдың", "Тағдыры солай болып тұр, әділдік орнасын, қылмыскер өз жазасын алсын", "Қайғыра көңіл айтамыз, иманы саламат болсын" деп жазды олар.