Асқар Бөрібаев ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылдың наурызы мен 2008 жылдың ақпаны аралығында А. Бөрібаев осы қызметті атқарған.

Сонымен бірге, ол Астана қалалық мәдениет департаментінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастығы лауазымдарын иемденді. Осы жолғы тағайындауға дейін Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайдың директоры болды.

А. Бөрібаев 1956 жылдың 17 сәуірінде Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара қаласында туған. Алма-Ата мемлекеттік консерваториясын, 1979 - 1981 жылдары Мәскеудегі Чайковский атындағы мемлекеттік консерваторияның аспирантурасын бітірген.